Mobirise Website Builder
Можаева Дарья
PhD, Зиген университеті, Германия

Можаева Д.А. 2012 жылдан 2013 жылға дейін "Биосфера экологиясы" зертханасында жұмыс істеп, қатты фазалы микроэкстракция және масс-спектрометриялық детекторы бар газ хроматографиясы негізінде жалған коньяктарды анықтау әдістемесін әзірлеумен айналысты. Химия мамандығы бойынша бакалавриатты қызыл дипломмен бітірген. 2015 жылы Зиген қаласының Университетінде (Германия) магистратураны аяқтап, капиллярлық электрофорез және масс-спектрометриялық детекторы бар индуктивті байланысқан плазманы пайдалана отырып, нанобөлшектерді талдау және бөлу әдістемелерін әзірлеумен айналысты. 2020 жылы Зиген Университетінде докторлық диссертациясын қорғады. 2017 жылы аналитикалық химия саласындағы ең беделді журнал - Analytical Chemistry (ACS) журналында екі мақала жариялады. Барлығы күшті халықаралық журналдарда үш мақаласы бар.

Mobirise Website Builder
Сағандықова Гүляим
Ph.D., Nicolaus Copernicus University, Польша

3 курс бакалавриаттан бастап, Гүляйым зертханада жұмыс істеп, шараптардағы негізгі ұшпа органикалық қосылыстарды газды хромато-масс-спектрометрия әдісімен қатты фазалы микроэкстракциямен сандық анықтау әдістемесін әзірлеумен айналысты. ХТМТЦ K-1983 халықаралық жобасын орындауға белсенді қатысты. Ағылшын тілін жетік меңгерген (IELTS 6.0). 2017 жылы Шахмардан Есенов Қорының тағылымдамасына грант ұтып алды Open University (Ұлыбритания). Күшті халықаралық журналдарда 13 мақала мен шолулар жариялады. 2021 жылы Николай Коперник Университетінің (Торунь, Польша) аналитикалық химия кафедрасында профессор Богуслав Бушевскийдің жетекшілігімен диссертациясын сәтті қорғады. 2019 жылы Гүляйым төмен молекулалық қосылыстарды MALDI-TOF-MS әдісімен талдау үшін пластиналарды әзірлеу жобасын жүзеге асыруға prelidium грантын ұтып алды.

Mobirise Website Builder
Бақытқызы Инал
Ph.D., Гданьск технология университеті, Польша


Инал Бақытқызы 2014-2015 ж.ж. аралығында зертханада жұмыс істеп, қатты фазалы микроэкстракция және масс-спектрометриялық детектирлеумен газды хроматография негізінде зымыран отынының трансформация өнімдерін анықтау әдістемесін әзірлеумен айналысты. 2013 жылы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавриатты үздік бітіріп, 2015 жылы «Химия» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. Сол жылы Erasmus Mundus Master in Quality in Analytical Laboratories (EMQAL) бағдарламасы бойынша оқуға грант ұтып алды. Осы бағдарлама аясында бір жыл Gdansk University of Technology-де, бір жыл Барселона Университетінде оқып, сұйықтық хроматография, спектрофотометрия және масс-спектрометрияны қолдана отырып, азық-түлік өнімдерін талдау әдістемелерін әзірлеумен айналысты. 2023 ж. Gdansk University of Technology аналитикалық химия кафедрасында Ph.D. диссертациясын қорғады. Күшті халықаралық журналдарда 3 жарияланымы бар.

Маметов Радик
Ph.D., Nicolaus Copernicus University, Польша


Радик Маметов 2017 жылдан 2018 жылға дейін зертханада жұмыс істеп, металл-органикалық қаңқалық құрылымдарға негізделген қатты фазалық микроэкстракция үшін талшықтарды әзірлеумен айналысты. Nicolaus Copernicus University-де колоректалды қатерлі ісікті ерте диагностикалаудың инвазивті емес әдістерін әзірлеу бойынша TRANSCAN жобасының қатысушысы болып табылады. Осы жоба аясында Фраунхофер институтында (Фрайзинг, Германия) тағылымдамадан өтіп, Micro-Chamber/Thermal Extractor қолдану арқылы экстракция әдістерін әзірлеумен айналысты. 2024 жылы Nicolaus Copernicus University аналитикалық химия кафедрасында Ph.D. диссертациясын қорғады.

No Code Website Builder